Ыстанбұлда тағы да жарылыс болды
Ыстанбұлдың Фатих ауданында жарылыс болды, жалын үш көлікті шарпыды
Ыстанбұлдың Фатих ауданында жарылыс болды, жалын үш көлікті шарпыды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
«Ыстанбұлдың Фатих ауданында белгісіз себептермен жанып бастаған көліктен тараған жалын тұраққа қойылған өзге көліктерге тарады. Бейнежазбалардан өрт кезінде күркіреген жарылыстардың дыбысы естілді», - деп жазады Haberturk порталы.
Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, өткен аптада Ыстанбұлдың орталығындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болып, алты адам қаза тапқан, 81 адам зардап шекті. Шабуыл жасады деген күдікті Ахкам әл-башир ұсталды, ол ПКК-мен байланысын мойындады. ІІМ мәліметтері бойынша, Сирияның шекаралас Кубань қаласынан шабуыл жасау туралы нұсқау келіп түскен.
Сондай-ақ, 21 мекен-жай бойынша тінту жүргізілді, жалпы қауіпсіздік қызметкерлері 50 адамды ұстады.