Биыл желтоқсан айында 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады
Биыл желтоқсан айында 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалады. Бұл ақпарат egov.kz порталындағы 2022 жылға арналған мерекелердің күнтізбесінде көрсетілген.
Сонымен 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Сондықтан бБиылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.
Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда атап өтіледі.
Сонымен, желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:
- бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);
- алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.
Жалпы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.