Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда запастағы 190 офицер әскери қызметке шақырылады

Қарулы күштерге - 150, ҰҚК шекара қызметіне - 40 офицер

 Ербол Тұрымбет 01.03.2022 | 17:51
Қазақстанда запастағы 190 офицер әскери қызметке шақырылады
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге шақырылады.

Құжатта көрсетілгендей, әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлер саны: Қарулы күштерге - 150, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне - 40.

Қаулы 2012 жылғы 16 ақпандағы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңның 32-бабына сәйкес қабылданған.

Үкімет қаулысы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама