БҰҰ Украинаға шығынды өтеу қарарын қабылдады

Дастан Жұмабекұлы

Қазақстан тағы қалыс қалды

фото: ашық дереккөз

БҰҰ Бас ассамблеясы көпшілік дауыспен Украинаға келтірілген шығынды өтеу туралы қарардың жобасын қабылдады. Қазақстан дауыс беруден қалыс қалды.

Бас ассамблеяға мүше мемлекеттерге Ресейдің Украинаға келтірген шығыны мен залалы туралы шағымдар мен деректерді Канада, Гватемала, Нидерланд мен Украина ұсынды.

Қарарды 94 мемлекет қолдаса, 13 елдің делегациясы қарсы дауыс берді.

Резолюцияға дауыс беруден Қаақстаннан басқа тағы 73 мемлекет қалыс қалды.