Ресейде қылмыс жасаған күдікті 17 жылдан кейін Қазақстанда ұсталды

Дәурен Ерболат

Полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды

Фото: polisia.kz

Павлодар облысында аса ауыр қылмыс жасап, 17 жыл іздеуде болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтады әрі көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерде тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Сондай-ақ олар бұрын жасалған қылмыстарды ашты.

Нәтижесінде іздеуде жүрген 6 адам ұсталды. Мысалы, полиция Ресей Федерациясының Омбы облысы бойынша ФЖӨҚБ іздеген ер адамды ұстады. 2004 жылы 43 жастағы ер адам Ресей аумағында қыз зорлаған. Тәжікстанның 30 жастағы азаматы 2021 жылғы қарашадан бастап мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін тергеуден жасырынған, - деді Павлодар облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жалпы, осы жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ертіс өңірінің полицейлері ұсақ бұзақылық, тыныштық пен көші-қон заңнамасын бұзу, қоғамдық орындарда мас болу сияқты 1 799 бұзушылықтың жолын кескен.