2023 жылы жас өрт сөндірушілердің жалақысы айтарлықтай өседі

Дәурен Ерболат

Олардың еңбек ақысы 10%-дан 70%-ға артады

Фото: Tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылы жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы айтарлықтай өсетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын жалақыны арттыру мәселесі көтерілгенде министрлік қызметкерлері 65 мың теңге алған.

Қазір қызметке келген қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге, - деді Юрий Ильин Үкімет отырысан соң.

Ол  жас қызметкерлердің жалақысы келесі жылы айтарлықтай өсетінін осы орайда атап өтті.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл – қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде, басшы құрам туралы айтып тұрмын. Олар – өрт сөндіру қызметінің, төтенше жағдайлар қызметінің басшылары, - деді министр.