Мәскеуде пранк жасаған қазақстандық блогерлер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Халық үні

Мәскеу соты қазақстандықтардың «әзілін» кешірмеді

фото: ramir.khassanov/Instagram

Мәскеу соты биыл наурыз айында такси жүргізушімен қалжыңдау мақсатында оның көлігін айдап әкеткен Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды.

Сот айыпталушылардың әрқайсысын үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды, олар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді, - делінген Мәскеу прокуратурасының телеграм-каналында.

Оқиға наурыз айында болған. Үш блогер «Москва-Сити» сауда орталығына такси шақырып, пранк жасауды ұйғарған. BMW жүргізушісі олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, жастардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен, олардың бірі болған жағдайды камераға түсіріп алған.

Кейін айыпталушылар қайта айналып келіп, жүргізушіге онымен әзілдескенін түсіндірген.