Ресейде әскер қатарына қос азаматтығы бар адамдар да алынады
Бұған дейін Путин Украинаның төрт облысын РФ құрамына қосу туралы жарлыққа қол қойған болатын
РФ президенті Владимир Путин әскер қатарына шетелдік азаматтарды да алу туралы жарлыққа қол қойды.
Ресей Федерациясының аумағында тұратын шет ел азаматтарына немесе шет мемлекетте Ресей Федерациясының азаматтығын алған адамға Қарулы күштердің қатарында қызмет етуге рұқсат беріледі, –делінген құжатта.
Бұған дейін Путин Украинаның Запорожье, Херсон, Луганск пен Донецк облыстарын Ресейдің құрамына қосу туралы жарлыққа қол қойған болатын.