Маңғыстау облысында ірі жол апаты болды

Халық үні

Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді

Фото: naryntany.kz

14 қараша сағат 21.45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен селосында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде шақырту түсті, деп хабарлайды полиция департаменті. 

ПД-нің мәліметінше, апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты.

«Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жазды ведомстводан.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан.