×

Елордалық үшемге де Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылды

Олар мерзімінен бұрын дүниеге келді

 Дәурен Ерболат 14.11.2022 | 17:55
Фото: Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада үшем дүниеге келді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нәрестелердің ата-анасының есімі – Сәбит пен Марал. Олар №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтып жатыр.

Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр. Ал балаларға есімдерін атасы қойған. Үшемдердің әрқайсысының салмағы – шамамен мың грамм. 

Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына рақмет айтамын. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы! - деді үшемнің анасы Марал Соппек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде дүниеге келген үшемге де Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама