Жарты миллиард теңгеден аса салықтан жалтарған компания басшысы сотталды

Дәурен Ерболат

Компанияның 285,8 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды

Фото: Atameken Business Channel

Жамбыл облысында шамамен 602 млн теңге көлемінде салықтан жалтарған компания басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «АНК-Энерго» ЖШС директоры Түлкібаев Б.Т.-ға қатысты 601,5 млн теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Нәтижесінде сот үкімімен Түлкібаев Б.Т. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында компанияның 285,8 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды, - деп жазылған хабарламада.