×

Жарты миллиард теңгеден аса салықтан жалтарған компания басшысы сотталды

Компанияның 285,8 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды

 Дәурен Ерболат 14.11.2022 | 17:20
Фото: Atameken Business Channel

Жамбыл облысында шамамен 602 млн теңге көлемінде салықтан жалтарған компания басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «АНК-Энерго» ЖШС директоры Түлкібаев Б.Т.-ға қатысты 601,5 млн теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Нәтижесінде сот үкімімен Түлкібаев Б.Т. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында компанияның 285,8 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Жетісуда шенеуніктер жемқорлығының кесірінен 30-дан аса өндіруші зардап шегіп отыр

Субсидия саласындағы жемқорлық тәуекелдері анықталды
03.06.2023 | 17:02

Тауарды тиімді бағамен алатын мүмкіндікті қолдан шығарып алдық – Әлихан Смайылов

АШМ тарапынан үйлестіру жұмыстары әлсіз болып отыр
03.06.2023 | 16:30

«Баланың жасына қарай таңдау керек»: Елімізде оңалту құралдарының паркі ашылуы мүмкін

Оңалту құралдарын алған азаматтар олар істен шыққан жағдайда аталған паркке келіп жөндете алады
03.06.2023 | 15:37