×

Тоқаев АҚШ-тың қолдауын алды

Еліміз Құрама Штаттармен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2022 | 15:07
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті.

Кездесуде президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін айтты.

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама