×

Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бауырлас түрік азаматтарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, - деді Тоқаев

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2022 | 12:31
фото: eadaily.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Соңғы мәліметке қарағанда, Түркия полициясы Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде жарылғыш зат қалдырған әйел адамды ұстады. Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу хабарлады.

Ыстанбұлдағы орталық көшелердің бірінде болған жарылыстан 6 адамның қаза тауып, 53 адамның жараланғаны анықталды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама