×

Ұлытау облысының шекарасы ресми бекітілді

Жалпы көлемі 18 миллион 893 мың 661 гектар жер Қарағанды облысының құрамынан шығарылды

 Динара Амантай 14.11.2022 | 12:10
Фото: adyrna.kz

Үкімет Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құжат мазмұнына сәйкес, жалпы көлемі 18 миллион 893 мың 661 гектар жер, оның ішінде Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалалары, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандары Қарағанды облысының құрамынан шығарылды. Олар Ұлытау облысының аймағына кіреді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама