Halyq Uni логотип
×

Кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер «ұрылар идеологиясын» ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2022 | 09:42
Кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
фото: polisia.kz

Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды.

Ішкі істер министрлігі Ақмола облысында арнайы операция жүргізіп, ведомствоның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады.

Министрліктің хабарлауынша, қылмыстық топтың Ақмола облысындағы жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 млн теңгені бопсалап, оның «Subaru Outback» автокөлігін тартып алғаны анықталды. Соның нәтижесінде олардың облыс аумағында бірнеше қылмысты жасағаны да белгілі болды. Күдіктілердің «ұрылар идеологиясын» ұстанып, оны жастар арасында насихаттағаны да анықталды. Сондай-ақ топ мүшелері бизнесмендерге қару қолданып, ақша бопсалаған.

Күдіктілерді тінту кезінде олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленді, –  делінген хабарламада.

Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігімен («Бопсалау») сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама