«Темірмен ұрып өлтірген»: Атырау облысында жалғыз адамды азаптап өлтірген сегіз қылмыскер сотталды
Марқұмды трубамен ұрғандарды 15 жылға, қалғандарын 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Атырау облысында жалғыз адамды жабылып сабап, темірмен ұрып өлтірген қылмыскерлерге үкім шықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Облыстық сот мәліметінше, кісі өлімі былтыр тамыз айында Индер ауданында болған. жәбірленуші күдіктіні ұрып кетеді. Екі күн өткен соң соққыға жығылған тұрғын оны іздеп келіп, ауыл сыртына шығып сөйлесуге шақырған. Бірақ күдікті ол жерге жалғыз бармаған.
«Ол достарымен марқұмды өлімші еті сабаған. Үш күдікті оның басынан, қол-аяғынан трубамен ұрады. Ауыр жараланған жәбірленуші ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», - делінген сот хабарламасында.
Сотта күдіктілердің қылмысы толық дәлелденді. Бірақ олар кінәларын жартылай ғана мойындаған. Айыпталушыларды қорғаған тарап олардың қылмысын орташа ауыр деңгейге жатқызуды сұрапты. Өтініш қанағаттандырылмады.
«Марқұмды трубамен ұрғандарды 15 жылға, қалғандарын 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық сот таратқан мәліметте.
Сондай-ақ, сотталушыларға жәбірленуші тарапқа 37 млн теңге көлемінде моральдық шығынды төлеу міндеттелді.