×

Жел, бұрқасын, көктайғақ: синоптиктер үш күнге болжам жасады

Астанада 14 қарашаға дейін жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады

 Халық үні 13.11.2022 | 17:32
фото: Sputnik.kz

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 13 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с болады.

14 қарашада күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде жаңбыр, таулы аударында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігіне, батысына, орталығына және таулы аудандарына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, таулы аудандарында 30 м/с болады.

13 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігіне, орталығына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с дейін барады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

14-15 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын, 15 қарашада облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, 14 қарашада таңертең және күндіз, 15 қарашада тәулік бойы 30 м/с болады.

13 қарашада Батыс Қазақстан облысына жауын-шашын жауады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

13-14 қарашада түнде Қостанай облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады.

14-15 қарашада синоптиктердің болжамына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын жауады. 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысында жауын-шашын болады. 14 қарашада облыстың солтүстігінде, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с дейін жетеді.

14-15 қарашада Қарағанды облысында да жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, 15 қарашада облыстың солтүстігінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.

14 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 30 м/с болады.

Астанада 14 қарашаға дейін жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, 13-14 қарашада кей уақытта екпіні – 25 м/с.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама