×

АҚШ-та екі әскери ұшақ соқтығысты (ВИДЕО)

Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз

 Еркеғали Болатұлы 13.11.2022 | 11:00
фото: видеодан скриншот

Кеше Техас штатының Даллас қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстағы ұшақтар қатысқан авиашоу өтті. Сол сәтте екі әскери ұшақ кездейсоқ аспанда соқтығысып қалды. Қаза тапқандар бар, деп хабарлады CNN.

АҚШ федералдық авиация басқармасының мәліметінше, сенбі күні сағат 13:20 шамасында (Астана уақытымен 13 қараша 01:20) Wings Over Dallas әуе шоуында Boeing B-17 Flying Fortress және Bell P-63 Kingcobra соқтығысқан.

Даллас мэрі Эрик Джонсонның айтуынша, апаттан зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Ал American Airlines ұшқыштары кәсіподағы екі отставкадағы ұшқыш пен бұрынғы кәсіподақ мүшелері қаза тапты деп мәлімдеген. Олардың B-17 Flying Fortress экипажы мүшелерінің арасында болғаны атап өтілген.

Телеарнаның хабарлауынша, соқтығысқаннан кейін оқиға орнында 40-тан аса өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері жұмыс істеген. Бұл ретте АҚШ Әскери-әуе күштері өкілі журналистерге B-17 ұшағында әдетте 4-5 адамнан тұратын экипаж болатынын, ал R-63-тің бір ұшқышты жойғыш екенін жеткізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама