×

Әлем халқының саны 8 миллиардқа жуықтап қалды

Адам саны шамамен 9,6 миллиардқа жеткеннен кейін құлдырау басталады

 Еркеғали Болатұлы 13.11.2022 | 09:29
фото: ашық дереккөз

Әлем халқының саны 8 миллиард адамға жуықтады. Бұл туралы Worldometers.info статистикалық сайтының мәліметінде жазылған.

Еске сала кетсек, жалпы адамзат саны 2011 жылы 7 миллиардқа жеткен болатын. Ал биыл 15 тамызда БҰҰ 15 қарашаға қарай әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді деген болжамын жариялады.

Бұған дейін The Wall Street Journal журналисі ғалымдардың болжамдарына сілтеме жасай отырып, Жер халқының саны 10 миллиардқа жете алмайтынын жазған еді. Олардың мәліметі бойынша, 2070 жылдары адам саны шамамен 9,6 миллиардқа жеткеннен кейін құлдырау басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама