Финалда өзбек боксшысынан жеңілген Бибосынов үндеу жасады (ВИДЕО)
Бапкерлердің тактикасын дұрыс орындай алмадым, дейді ол
Қазақстан құрамасының боксшысы Сәкен Бибосынов Азия біріншілігінің финалдық жекпе-жегінен соң жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.
«Ассалаумағалейкум қазақстандықтар. Бүгінгі жекпе-жегімде жеңіліс тауып, екінші орынға Алланың қалауымен қол жеткіздік. Дегенмен, қателіктер болды. Оны мойындаймын. Кездесуде барымды салдым. Бапкерлердің тактикасын дұрыс орындай алмадым.
Бұл қателік алдағы жарыстарда өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Хасанбай Досматов екеуміздің арамыздағы жекпе-жектер бойынша есеп бірде-бір болды.
Ташкенттегі әлем біріншілігіне тыңғылықты дайындаламын. Сонда кеткен есені қайтарамын. Қазақстанның әнұранын шырқатып, көк туын қалықтататын боламын. Мықты болып ораламын. Уәде беремін. Ол үшін аянбай еңбек ететін боламыз», - деді Сәкен Бибосынов.