Маңғыстау облысында атыс болды
Қазір жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде
Бүгін Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген, деп хабарлады Polisia.kz сайты.
«Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.