Азия чемпионаты: Қазақ боксшылары медальдық есепте бірінші орын иеленді
Қазақстан боксшылары барлығы 21 медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы 2022 жылы Амманда (Иордания) өткен бокстан Азия чемпионатының жалпыкомандалық медальдық есепте бірінші орын иеленді, деп хабарлайды sports.kz.
Қазақстан боксшылары барлығы 21 медаль жеңіп алды – 6 алтын, 7 күміс және 8 қола. Екінші орынды 13 медальмен Өзбекстан құрамасы иеленді – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола. Үндістан 12 медаль – 4 алтын, 2 күміс және 6 қоламен үшінші болды.
Бокстан 2022 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы командалық медальдық кестесі:
1. Қазақстан – 6-7-8
2. Өзбекстан – 6-3-4
3. Үндістан – 4-2-6
4. Иордания – 2-3-2
5. Тайланд – 2-2-1
6. Жапония – 1-5-1
7. Оңтүстік Корея – 1-1-4
8. Тайвань – 1-0-3
9. Филиппин – 1-0-2
10. Вьетнам – 1-0-1
11. Моңғолия – 0-2-8
12. Қырғызстан – 0-0-4
13. Иран – 0-0-2
13. Тәжікстан – 0-0-2
15. Пәкістан – 0-0-1.