Halyq Uni логотип
×

Бокс: Айбек Оралбай финалда Өзбекстан құрамасындағы қазақпен жұдырықтасты (ВИДЕО)

Мадияр Өзбекстан тумасы болғанымен ұлты қазақ

 Халық үні 12.11.2022 | 19:50
Бокс: Айбек Оралбай финалда Өзбекстан құрамасындағы қазақпен жұдырықтасты (ВИДЕО)
фото: vesti.kz

Бүгін, Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия құрлығының біріншілігінде ерлер арасында финалдық айқастар өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz. 

92 елідегі салмақта Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Өзбекстан елінің өкілі Мадияр Сайдрахимовпен Азия чемпионы атағын сарапқа салды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімді қазақстандыққа жазды. 

Мадияр Өзбекстан тумасы болғанымен ұлты қазақ. 

Айта кетейік, осыған дейін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылар арасында тек Асыланбек Шымбергенов пен Санжар Тәшкенбай ғана Азия чемпионы атанды. Ал Дулат Бекбауов, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Сабырхан Махмұт және Нұрқанат Райыс финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама