Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берді.
Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Амманда өтіп жатқан Азия біріншілігінің финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды vesti.kz.
71 келіде жұдырықтасатын Асыланбектің қарсыласы иорданиялық Зеяд Ишайш болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берді.
Айта кетейік, Шымбергенов шаршы алаң қожайынын бірінші раундта нокдаунға түсірді. Ал үшініш раундта қарсыласты ұстадың деп бір ұпай шегерді.