Алматы базарындағы өрттің себебі анықталды

Динара Амантай

Қалалық кәсіпкерлер палатасы зардап шеккендерді қолдау үшін қор ашуға дайын

Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі

Алматы базарындағы өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, орталық әмбебап базарындағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің тауары бүлінген, оның ішінде жаңажылдық шыршалар, гирляндалар, косметика, 8 наурызға арналған сыйлықтар мен ойыншықтар болған. Сондай-ақ палата өкілдері өрттен зардап шеккен бизнеске қор ашуға дайын екендігін мәлімдеді.

Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Егер бизнеске консультациялар, сақтандыру төлемдері, жалға берушілермен келіссөздер жүргізу бойынша қандай да бір көмек қажет болса, біздің мамандар бұл жұмысқа қосылуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғау бөлігінде құқықтық, қаржылық сипаттағы консультациялар беруге дайын. Қажет болса, біз қор ашамыз, – деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісу ауданындағы Сотүстік айналым, 7Б мекенжайында орналасқан базарда өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.