Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім 2 қызға қатысты тың мәлімет шықты
Қызылордадағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан екі оқушы жоғалып кетті
Қызылордадағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан екі оқушы жоғалып кетті. Полиция басқармасындағылардың мәліметінше, олар екі күннен бері табылар емес. Белгісіз бағытқа кеткен 14 және 16 жастағы қыздарды көрдім-білдім деген әзірге жан болмай тұр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
«Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімдер баратын барлық жерді аралап шықты. Бұл қыздар үшін Шымкент қаласына 3 қызметкер жіберілді. Барлығы 43 қызметкерлер сол бойынша жұмыс атқарып жатыр», -дейді Қызылорда қаласы ПБ юбеналды полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Ләззат Ахметова.
Сндай-ақ Оралда 1 апта бұрын саңырауқұлақ теруге шыққан қария табылар емес. Жер-көкті шарлап шыққан полицейлер мен құтқарушылар енді Жайықты сүзіп жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылған. Қала шетіндегі бейнебақылау камераларына қарияның кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған. Енді іздеу жұмыстары осы бағыт бойынша жүргізіледі. Қазір бұл аумақты иісшіл иттер тексеріп жатыр.
«Әкемнің аяғы ауыратын, аздап сылтып басады. Қан қысымы да бар. Егер аяқ астынан халі нашарласа, суға құлап кетуі де мүмкін. Өйткені видеода су жағасымен кетіп бара жатқанын көрдік. Ертеңнен бастап жаңбыр жауады, содан кейін іздестіру қиындайды деп уайымдап отырмыз», -дейді Орал қаласының тұрғыны Юрий Браслевич.