×

Рудныйдағы 6 жасар егіздердің жұмбақ өлімі: полиция жаңа деректер жариялады

Сараптама қорытындысында бүлдіршіндердің нақты неден уланғаны айтылмаған

 Халық үні 11.11.2022 | 20:47
Фото: pexels.com

Қостанай облысында егіз балалардың өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шыққаны белгілі болды. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Рудныйда бір мезетте көз жұмған 6 жасар егіз балалардың өліміне қатысты жасалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысында балалардың уланғаны нақтыланған.

«Сот-медициналық сараптама жүргізіліп, балалардың уланғаны расталды. Тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалды, ол тергеу барысында сарапшыға қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс», - делінген ПД хабарламасында.

Сараптама қорытындысында бүлдіршіндердің нақты неден уланғаны айтылмаған.

Айта кетейік, 14 қазанда Рудныйда 2016 жылы туған ағайынды екі бала ауруханадан шыққаннан кейін 12 сағаттан соң қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Кейін егіз балалардың есірткіден уланған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама