Қазақстан боксшылары Азия чемпионы атанды
Олар 48, 54, 57 салмақта шаршы алаңға шықты
Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 3 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni.
48 келі салмақта боксшы Алуа Балқыбекова чемпион атанды. Оның қарсыласы – жапониялық Като Хикару жарақат алып, жекпе-жекке шықпады.
54 келі салмақта Жайна Шекербекова Тайланд боксшысы Джутамас Джитпонгпен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
57 келіде Карина Ибрагимова жапониялық Ирие Сенамен қолғап түйістірді. Үшінші раундта Карина нокдаун алды. Алайда төрешілер шешімімен Ибрагимова жеңімпаз атанды.