12-13 қарашада ауа райы қалай болады?

Дәурен Ерболат

Елде жел күшейіп, боран соғады

Фото: © Sputnik / Абзал Қалиев

Синоптиктер демалыс күндері, 12-13 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Биыл 12-13 қарашада республиканың басым бөлігіне атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөліктер әсер етеді. Бұл ауа райының құбылмалы болуына ықпалын тигізеді.

Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Қазақстан бойынша тұман түседі. Елдің көп бөлігінде көктайғақ болып, боран соғады, желдің күші 15-29 м/с-ке жетеді. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды.