×

Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясы саяси кеңесі құрамынан шығарылды

Саяси кеңеске Әлихан Смайылов, Мұрат Нұртілеу, Камалжан Надыров және Максим Рожин енді

 Ербол Тұрымбет 01.03.2022 | 11:15
фото: Оспанбек Әлсейітов, Нұрлан Нығматулин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі басталды.

Бұған дейін хабарланғандай, онлайн форматтағы іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысып жатыр.

Айта кетейік, кеше партияның саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда арнаулы қаулымен съезд күнтәртібі бекітілген еді. Күнтәртібіне сәйкес, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және Nur Otan партиясын модернизациялау мәселелері қаралады.

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның саяси кеңесінің құрамына ұсынылып отырған өзгерістер туралы айтты.

Съезде Nur Otan партиясы саяси кеңесінен бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітов шығарылды.

Сондай-ақ партияның саяси кеңесінің құрамына премьер-министр Әлихан Смайылов, Президент әкімшілігінің жетекшісі Мұрат Нұртілеу, «Астана» медициналық университетінің ректоры Камалжан Надыров және «Қазақ тілі қоғамы» вице-президенті Максим Рожин енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35

Алматыда студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы 4 рет хабарлама жіберген

Дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады
21.03.2023 | 16:39

Асыл тұқымды тазы өсіруші президентке тазының күшігін сыйлады (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы тазы иттердің көрмесін тамашалады
21.03.2023 | 15:44