×

Маңғыстауда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалына айыппұл салынды

Мекеме монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзған

 Динара Амантай 11.11.2022 | 16:11
Фото: kursiv.kz

Маңғыстау облысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалына 6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тұтынушыларды табиғи газға қосу кезінде дәнекерлеу-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының іс-әрекеттерінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілерін анықтады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, монополияға қарсы заңнама нормаларын бұза отырып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ барлық жұмыс көлемін бір ғана субъектіге беріп отырған. Осылайша бәсекелестікті шектеп, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына қысым келтірген.

Айыппұл монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің (түсiмнiң) бес пайызы мөлшерiнде салынды (ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі). Іс-шара прокуратура органдарымен бірлесіп жүргізілді.

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Филиалға 6 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама