Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

Бүгіннен бастап Өзбекстан уақытша төрағалықты Түркиядан алып, бір жыл бойы жалғастырады

 Дастан Жұмабекұлы 11.11.2022 | 15:00
Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді
фото: ашық дереккөз

Самарқанд қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында Ұйымның келесі жылғы басқосуы  Қазақстанда өтетіні белгілі болды.

Сонымен қатар 2023 жылы Түрксой ұйымының 30 жылдық мерейтойы тойланатыны да айтылды.

Бүгіннен бастап Өзбекстан уақытша төрағалықты Түркиядан алып, 1 жыл бойы жалғастырады. Өзбекстан Ппрезиденті Шавкат Мирзияев ел президенті ретінде ұйымның уақытша төрағасы жұмысын атқарады.

Бүгінгі жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныстарын айтып, саммиттің тиісті деңгейде өткеніне байланысты ұйымдастырышыларға алғысын білдірді.

«Біздің бірлігіміз жыл өткен сайын нығайып келеді. Соның арқасында Түркі әлемінің халықаралық аренадағы саяси салмағы едәуір артты. Түркия Республикасының президенті, жоғары мәртебелі Режеп Тайып Ердоған бір жыл бойы Түркі мемлекеттері ұйымының төрағасы міндетін атқарды. Осы уақыт ішінде ұйымның мәртебесін көтеріп, ықпалын нығайтуға зор үлес қосты. Сол үшін бауырым – Режеп мырзаға алғыс айтамын.

Республика атанғанына келесі жылы бір ғасыр болатын бауырлас Түркия елі өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Осы орайда, мен құрметті Режеп бейді «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы бастама көтердім. Бұл ұсынысым бірауыздан қолдау тапты. Сол үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін», – деді ол.

Одан әрі президент ұйымға тқрағалық ету міндетін алған Өзбекстанға табыс тіледі.

«Сөзімнің соңында ұйымға төрағалық ету міндеті Өзбекстанға берілуіне байланысты өзбек бауырларымызға тағы да толағай табыс тілеймін! Бұдан бөлек, ұйымның Бас хатшысы лауазымын атқару кезегі бауырлас Қырғызстан өкіліне өтеді.

Осы орайда, 2018 жылдан бері Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы қызметін атқарған Бағдат Әміреевке алғыс айтамын. Ал жаңадан тағайындалған Бас хатшы Кубанычбек Өмірәлиевтің жұмысы жемісті болуына тілектестік білдіремін», – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама