ҚФФ Өзбекстанға қарсы ойнайтын ұлттық құрама футболшыларының тізімін жариялады
Ұлттық құрамаға екі жыл футболдан шеттетілген Бауыржан Исламхан қосылды
Өзбекстан және БАӘ құрамаларымен жолдастық кездесу өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған футболшылар тізімі жарияланды. Тізімге футболдан екі жылға шеттетілген Бауыржан Исламхан да енді.
Футболшы соңғы рет ел құрамасы сапында 2020 жылдың қыркүйегінде Беларусь командасына қарсы ойнады.
Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матч 16 қарашада Ташкентте, БАӘ құрамасына қарсы матч 19 қараша күні Әбу-Даби қаласында өтеді.
Ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылардың тізімі мынадай:
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»).
Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (бәрі де - «Тобыл»), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (бәрі де - «Астана»), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко (екеуі де - «Ақтөбе»), Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де - «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де - «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Исламхан (клубы жоқ).
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»).