Halyq Uni логотип
×

Вице-министр кәсіпкер әйелдерге қайран қалды

Әйелдер жүргізген бизнес тұрақты болады

 Дәурен Ерболат 11.11.2022 | 12:40
Вице-министр кәсіпкер әйелдерге қайран қалды
коллаж: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев кәсіпкер әйелдердің еңбегін жоғары бағалап, олардың еңбекқорлығына қайран қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан кәсіпкерлерінің 43%-ы – әйел. Оның 300 мыңы – ауылдағы кәсіпкер әйелдер. 2019 жылдан бастап әйелдерге 86 мың грант пен шағын несие берілді. Елімізде 4,5 млн әйел жұмыс күшінің жартысын құрайды. Оның 1,7 миллионы ауылда еңбек етеді, - деді Олжас Ордабаев елордада өткен Қазақстан ауыл әйелдерінің V форумында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 425 мың адам жұмысқа тұрса, оның 220 мыңы – әйелдер.

Кәсіби оқыту бойынша да әйелдердің белсенділігі жоғары. Әсіресе, оқыту, білім алу бойынша әйелдер алдына жан салмайды. Әйелдер жүргізген бизнес тұрақты болады,- деді вице-министр 

Айта кетейік, қазір Астанада ауыл әйелдерінің V  форумы өтіп жатыр. Оған өңірлерден келген 300-ге жуық ауыл әйелі қатысуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама