Алматыдағы «Ялян» базарынан өрт шықты
Кептелісіке қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жетісу ауданындағы Сотүстік айналым, 7Б мекенжайында орналасқан базарда өрт шықты. Осы жерге сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД-нің қызметкерлері мен техникасы жетті.
«Кептелісіке қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнында контейнерлердің жанып жатқанын анықтады. Олар дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды. Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан. Судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді», – делінген хабарламада.