Halyq Uni логотип
×

Жаңа 3 өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылады

8 мың 300 әйел орталыққа жүгінсе, оның 29%-ы – ауыл әйелі

 Дәурен Ерболат 11.11.2022 | 12:02
Жаңа 3 өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылады
фото: kzgov.docdat.com

Жаңадан құрылған 3 облыста әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде 17 әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмыс істеп жатыр. Ол тұрақты даму мақсаттары мен әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Жоба былтырдан бастап жүзеге асырылса да оның нәтижесін көріп отырмыз. 2023 жылы жаңадан құрылған 3 облыста аталған орталық ашылады, - деді вице-министр Астанада өтіп жатқан Қазақстан ауыл әйелдерінің V форумында.

Ол 1 қарашадағы жағдай бойынша 8 мың 300 әйел орталыққа жүгінсе, оның 29%-ы ауыл әйелі екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама