Катарда әлем чемпионатына арналған банкноттар шығарылды
Ол алғаш рет полимерлі материалдардан жасалған
Катар Орталық банкі футболдан әлем чемпионатының стадиондары бейнеленген естелік банкноттарды шығарды.
Естелік банкноттарда Катардың мәдени мұрасы көрсетілген. Атап айтқанда, Катар елінің ұлттық елтаңбасы, ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енген Зубар бекінісі және Доха орталығындағы зәулім ғимараттар бейнеленген.
Футболдан әлем чемпионаты үшін арнайы шығарылған банкноттар Катар тарихында алғаш рет полимерлі материалдардан жасалған. Оларды елдегі банктер мен ақша айырбастау пункттерінен сатып алуға болады.
Биылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катардың 5 қаладағы 8 стадионда болады.
Катар Орталық банкінің басшысы Бандар бин Сауд әл-Танидың айтуынша, банк әлем чемпионатына үлес қосу үшін естелік монеталарды шығарып отыр. Әлемдік дода Таяу Шығыс пен араб әлеміндегі тарихи оқиға.