Марқұм пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған
Оралда өз пәтерінен 47 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ПД-нің мәліметінше, оқиға 8 қараша күні Циолковский көшесіндегі үйде болды.
«Сағат 22.05-те 1975 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде 1973 жылғы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Күдікті ретінде марқұмның туған ағасы айыпталып отыр.