Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды
12 былғары қолғап шебері Азия чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының 12 боксшысы финалға шығып отыр. Олардың 9-ы – ер, 3-еуі – әйел. 48 кг салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекованың қарсыласы жапониялық Като Хикару жарақатына байланысты финалға шықпайды. Сол себепті, Балқыбековаға Азия чемпионы атағы берілді. Осылайша ол екі дүркін құрлық чемпионы атанды.
Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қарашада өтсе, ерлердікі 12 қарашаға жоспарланған.
ӘЙЕЛДЕР:
54 келі: Жайна Шекербекова — Джутамас Джитпонг (Тайланд),
57 келі: Карина Ибрагимова — Ирие Сена (Жапония),
81 келі: Гүлсая Ержан — Савити (Үндістан).
ЕРЛЕР:
48 келі: Санжар Ташкенбай — Аратаке Кадзума (Жапония),
51 келі: Сәкен Бибосынов — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан),
54 келі: Махмұд Сабырхан — Карло Паалам (Филиппин),
57 келі: Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков (Өзбекстан),
67 келі: Дулат Бекбауов — Бунджонг Синсири (Тайланд),
71 келі: Асланбек Шымбергенов — Зеяд Ишайш (Иордания),
75 келі: Нұрқанат Райыс — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан),
92 келі: Айбек Оралбай — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан),
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).