Ерекше сәтті пайдаланып бір балыққа өз есімімді бердім, - дейді ол
ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев Алматы облысындағы үгіт-насихат жұмыстары кезінде «Halyq Balyq» кәсіпорнындағы бір балыққа өз есімін берген, деп хабарлады exk.kz.
«Halyq Balyq» кәсіпорнына барып, кешкі уақытта балықшылармен әңгіме өрбіттік. Бүгінде бұл өндіріс ошағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген Арал бекіресін өсіруді қолға алған. Біреу білсе, біреу білмес, Арал бекіресі осыдан 55 жыл бұрын жойылып кеткен,— деді Жигули Дайрабаев.
Сондай-ақ ол «Halyq Balyq»-тың бас директоры Мейрамбек Пазылбековті балық шаруашылығының дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген білікті мамандардың бірі деп отыр.
Біз осындай сала өкілдерін қолдап, олар үшін оңтайлы жағдай жасауымыз тиіс. Ерекше сәтті пайдаланып, бір балыққа өз есімімді бердім, - деді үміткер.