Қабағы жарылып кетті: Бибосынов әлем чемпионымен айқасты
Үшінші раундта Бибосыновтың қабағы жарылып кетті
Бүгін, 10 қараша Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатынң жартылай финалында Сәкен Бибосынов жекпе-жек өткізіді, деп хабарлайды Vesti.kz.
51 келіде өнер көрсететін Сәкен жапониялық Томоя Цубоимен жұдырықтасты. Үш раунд қортындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Сәкенге берді. Үшінші раундта Бибосыновтың қабағы жарылып кетті, дегенмен, ол жекпе-жекті аяқтай алды.
Айта кетейік, былтырғы әлем чемпионатының финалында Цубои «Қазақтың Ломаченкосы» атанып кеткен Сабырхан Махмұтты жеңген еді.