×

Шымкентте Түркияның консулдығы ашылды

Енді жақын арада Түркістанда Анадолы елінің тағы бір дипломатиялық мекемесі болады

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2022 | 17:26
фото: report.az

Шымкентте Түркия консулдығы ашылды. Оның ашылу салтанатына Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қатысты.

Ашылу рәсімінен кейін Мевлют Чавушоглу консулдықтың көптеген мәселелерді шешуге және екі елдің бауырластығын нығайтуға жұмыс істейтінін айтты.

Оның айтуынша, консулдық азаматтардың құғын қорғау мәселелерімен айналысады.

Біз Шымкентте Түркия консулдығының ашылу салтанатына арнайы келдік. Жақын арада Түркістанда Түркияның басты консулдығын ашамыз. Қазақ бауырларға Түркия тарапынан сапалы қызмет көрсетіледі деп үміттенеміз. Бізді осылай күтіп алғанына өте қуаныштымыз», –  деді Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Түркияның сыртқы істер министрі қазақтар пен түріктер бағзы заманнан бері бауырлас халық екенін, ал олардың достастығы жыл сайын нығая беретінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама