Алматыда қоғамдық көлікті бақылайтын 2 мың табло орнатылады
Қала әкімі бюджеттен ақша бөлінгенін айтты
Бүгін Алматыда Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлікті бақылайтын 2 мың таблоның орнатылатынын айтты.
Кездесуде аудан тұрғыны қала әкімінен аялдамаларда қоғамдық көлікті бақылайтын табло орнатуды сұрады.
Оған қала әкімі жауап беріп, таблолар қала аялдамаларына 2023 жылы қойылатынын ескертті.
«Келесі жылы 2 мыңдай табло орнатуды жоспарлап отырмыз. Бюджеттен ақша дайындап қойдық. «Оңай» траспорттық холдингімен қосылып, автобустардың жүру кестесін, нөмірлерін таблоға енгіземіз», – деді әкім.