Halyq Uni логотип
×

Мариупольде партизандар Ресей әскері орналасқан шіркеуді өртеп жіберді

Бұл жерде басқыншылардың штабы болған

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2022 | 16:35
Мариупольде партизандар Ресей әскері орналасқан шіркеуді өртеп жіберді
фото: kp.ua

Запорожье облысындағы украин партизандары Ресей оккупанттарының штабы орналасқан шіркеуге от қойып, өртеп жіберді.

Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

«Мелитополь қаласының мэрі Иван Федоров қарсылық күштерінің Запорожье облысындағы Вознесенка селосында Ресей әскерлерінің штабы жайғасқан шіркеуді өртеп жібергенін айтты», – делінген хабарламада.

Оның айтуынша, оккупацияның тоғызыншы айының өзінде тұрғындардың қарсылықтары қуатты бола түскені сондай, Ресейдің әскерилері олардың әрекеттерінен қашатын болды. Бүгін сағат 14.00-ге жақын Мелитополь ауданының Вознесенка селосында олар оккупанттарды өз штабтарында жағып жіберді. Штабтан тірі шыққан басқыншы болған жоқ», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама