×

Ақтөбеде ресейлік азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 10.11.2022 | 15:45
Фото: Петр Карандашов

Ресей Федерациясының азаматына полиция қызметкеріне пара беруге тырысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 қарашада Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volvо FN жүк автокөлігі тоқтатылған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 601-бабының 2-бөлігі бойынша жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен құтылу мақсатында полицияға пара ұсынған.

Полиция қызметкері қызметтік борышын атқара отырып, ақшадан бас тартқан. Полицей пара беруге ұмтылу туралы өзінің тікелей басшылығына және Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі («Пара беру») бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама