Halyq Uni логотип
×

БҰҰ Украинаны қалпына келтіру шығынын бағалады

Бұл жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымы қарар дайындады

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2022 | 15:20
БҰҰ Украинаны қалпына келтіру шығынын бағалады
фото: ашық дереккөз

Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбіт Украинаға соғыс ашып, орасан зор шығындар келтіргені үшін Ресейге репарация төлеттіру жөнінде қарар дайындады.

Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

«Ресей бейбіт өмір сүріп жатқан Украинаға басып кіріп, халықаралық заңдарды бұзды. Сол үшін жауапқа тартылуы тиіс», – делінген БҰҰ Бас ассамблеясының қарары жобасында.

Associated Press агенттігі танысқан қарар жобасы алдағы дүйсенбі күні талқылауға ұсынылады.

«Ресей өзінің әрекеттері үшін Украинаға репарация төлеуі тиіс», – делінген құжатта.

Қарарды Канада, Гватемала, Нидерланд және Украина мемлекеттері ұсынды. БҰҰ-ның құрамы 15 мемлекеттен құралатын Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің басқыншылығын айыптайтын бірде-бір құжат қабылдай алмады. Бұған осы кеңестің бір мүшесі - Ресейдің тыйым (вето) салу құқығы бар екендігі себеп болды. Негізі, Ассамблея мүшесі елдерінде дәл мұндай құқық ешкімде де жоқ. Бірақ олардың бірі қарсы дауыс берсе, құжаттың заңды күші болмай қалады. Ол тек қаперге алу үшін ғана қабылданған болып шығады. Ал Ассамблея Ресейді айыптаған төрт құжат қабылдаған болатын.

Бас Ассамблея жаңа қарарда Украинаның «егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен территориялық тұтастығын» сақтау және Ресей әскерлерін оның территориясынан жедел шығару керектігін атап көрсетеді. Бұдан басқа, құжатта соғыстың салдарынан Украинаға келтірілген залалдар мен шығындардың «орнын толтырудың халықаралық тетігін» іске қосу мәселесі қажет екені алға тартылады.

Украина үкіметі елді қалпына келтіру шығынын 750 млрд долларға бағалап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама