Қарағандыда 28 жастағы әйел 11 адамды алдап соғып, оларға хабарлама жіберген

Халық үні

Әйел полицияа өзі барып адамдароды алдағанын мойындаған

Фото: 9111.ru

Қарағандыда «Все включено» туристік фирмасының директоры сотталып жатыр. Оған ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен айып тағылған. 28 жастағы әйел 11 адамнан 11 миллион теңгеден астам қаражат жинап алып, шетелде демалыс ұйымдастыруға уәде берген, деп хабарлады әлеуметтік желідегі «Патриот Караганды» парақшасында.

Азаматтарды ұзақ уақыт алдаған алаяқ әйел соңында кінәсін мойындап, оларға хат жазған.

«Сәлеметсіз бе. Өкінішке қарай, сіз турға бара алмайсыз.Мен өзім полицияға барып, кінәмді мойындадым. Егер мені соттап жіберсе, ақшаны қайтару туралы әңгіме болмайды. Нотариус немесе азаматтық сот арқылы бейбіт жолмен менің 2-3 жылда ақшаны қайтарып беретінімді келісулеріңізді сұраймын. Жауаптарыңызды күтемін. Рахмет», - делінген клиенттерге келген хатта.

Адамдар әйелдің ұялмайтынына таң қалғандарын айтады.

«Бұл хабарламада ақшамызды қысқа мезімде қайтарып беретіні туралы бір ауыз сөз жоқ. Өкіну, кешірім сұрау атымен жоқ. Бұл әйел ашық айтпаса да, өзін бостандықта қалдырса ғана ақшамызды қайтаратынын меңзеп отыр. Егер сотталса, ақша жоқ дейді.  Ұятсыздығына қайран қалдық», - дейді жәбірленушілер.

Сотталушы қазір үйқамақта отыр. Қарағанды тұрғындары ақшаны әйелдің анасының картасына жіберген.

«Әйелдің анасы осы туристік фирманың бухгалтері болған. Қазір ол қылмыстық істе куәгер ретінде тіркелген. Сотталушының заңгер екені белгілі болды. Ол заңды өте жақсы біледі. Қолында емізулі баласы бар. Сот әйелді баласы өскенше бостандықта қалдыруы немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Ақшаны қайтарып бермей ме деп қорқамыз. Егер біздің шағымымызды қараусыз қалдырса, жарты жыл, бір жыл бойы соттасуға тура келеді», – дейді жәбірленушілер.