Сарқандтағы 5 жасар қыздың өлімі: анасы мен ағасына қатысты сот отырысы басталды
Тәртіп сақшылары қызды өлтірді деген күдікпен баланың анасы мен оның ағасын ұстады
Сарқанд қаласындағы қоқыс үйінділерінің бірінен денесі табылған бес жасар баланың өліміне қатысты сот отырысы басталды.
Sputnik Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, баланың өліміне 20 жастағы анасы мен оның бұрын Сарқанд қаласында тұрған 21 жастағы ағасы айыпталып отыр. Процесс Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
Сот «Кәмелетке толмаған баланы өлтіру» бабы бойынша істі қарап жатыр. Егер сотталушылардың кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Еске салсақ, биыл мамыр айында Сарқандтың шетінен қала тұрғындары кішкентай қыздың мәйітін тауып алған. Учаскелік полицейлер мүгедек болып қалған баланың жеке басын анықтады.
Тәртіп сақшылары қызды өлтірді деген күдікпен баланың анасы мен ағасын ұстады.
Ұсталғандар алғашқы айғақтарында жыл басында баланың аурудан қайтыс болғанын айтқан. Мәйітті жерлемей, полигонға лақтырып жіберген.