Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында көлік апатынан 14 жастағы жасөспірім мерт болып, тағы 4-еуі ауруханаға түсті

Көлік апатынан 14 жастағы бала мерт болып, тағы 4 жеткіншек ауруханаға түсті

 Халық үні 09.11.2022 | 23:24
Атырау облысында көлік апатынан 14 жастағы жасөспірім мерт болып, тағы 4-еуі ауруханаға түсті
Фото: naryntany.kz

Атырау облысында көлік апатынан 14 жастағы бала мерт болып, тағы 4 жеткіншек ауруханаға түсті. Көлікті 2008 жылы туған жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз айдап кеткен.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қарашада сағат 16:30-да болған.

«Құрманғазы ауданындағы Жасталап ауылының тұсында Toyota Corolla автокөлігі жол жиегіне аударылып, жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Апатқа ұшыраған көлікті 2008 жылы туған жасөспірімнің жүргізгені анықталды. Көлік салонында болған 2007 жылы туған 4 жасөспірім түрлі дене жарақатымен Құрманғазы аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталды. Жол апатының мән-жайын толық анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз автокөлікті айдап кеткені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама